АҚШ пен Иран келісе алмады. Трамп Ормұзды сырттан бұғаттауға бұйрық берді
АҚШ пен Иран Пәкістандағы келіссөзде ортақ бітімге келе алмады. Екі жақ та бірнеше шарт бойынша келісе алғанын айтты. АҚШ вице-президентінің сөзінше, ядролық мәселеге келгенде келіссөз тұйыққа тірелген. Осыдан кейін АҚШ президенті Ормұз бұғазына кіріп-шығатын кемелердің жолын жабуды бұйырды.