Өзбекстаннан АҚШ-қа кетіп, із-түзсіз жоғалған отбасы
Екі жыл бұрын Өзбекстаннан АҚШ-қа жолға шыққан самарқандық екі отбасы – барлығы сегіз адамның тағдыры не болғаны белгісіз. Олардың төртеуі – кәмелетке толмаған бала. Валижан Суванкулов пен Дүрдана Давранова 6 жастағы қызын қасына ерткен. Бұдан бөлек Райым Ергашев пен Хайриниса Холдорова 13, 9 және 4 жастағы балаларымен бірге жолға шыққан.