Зеленский Еуропаны аралап жүр. Лавров Қытайға барды
АҚШ-тың назары Таяу Шығысқа ауған тұста Украина президенті Еуропаны аралап, жеке келісімдерге келіп жатыр. Германиямен зымыранға қарсы қорғаныс бағдарламасы, ал Норвегиямен дрон өндірісі бойынша екіжақты құжаттарға қол қойды. Ал майдан даласында Пасха мейрамына байланысты кідірген атыс қайта басталды. Ресей мен Украина бір-бірін әуеден атқылап, соққы жасады.