Accessibility links

Рыбакина Штутгардтағы жарыста жеңіске жетіп, Porsche көлігін мінді

Штутгардтағы жарыста жеңіске жеткен теннисшіге турнир демеушісі Porsche көлік сыйлайды. 19 сәуір 2026 жыл.
Штутгардтағы жарыста жеңіске жеткен теннисшіге турнир демеушісі Porsche көлік сыйлайды. 19 сәуір 2026 жыл.

Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина (әлемнің екінші ракеткасы) Штутгардта өткен WTA-500 турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда чехиялық Каролина Мухованы (әлемнің 12-ракеткасы) екі сетте жеңді - 7:5, 6:2. Рыбакина жеңімпазға берілетін Porsche көлігін иеледі әрі рейтингіне 500 ұпай қосты.

Рыбакина Штутгардтағы жарыста. 19 сәуір 2026 жыл.
Рыбакина Штутгардтағы жарыста. 19 сәуір 2026 жыл.



Қазақстан теннисшісі бұл жарыста екінші рет жеңіске жетіп, екінші рет көлік иеленді. Рыбакина бұл турнирді 2024 жылы да ұтқан.

Елена Рыбакина биыл қаңтарда Grand Slam жарыстары қатарына енетін беелді Австралия ашық чемпионатында жеңіске жеткен еді.

Қазір ол Беларусь теннисшісі Арина Соболенкомен әлемнің бірінші ракетасы атағына талас жүргізіп жатыр. Соболенко рейтингіде бірінші, Рыбакина екінші орында тұр.

XS
SM
MD
LG