Accessibility links

Журналист Вадим Борейко: банк шоттарының бұғатталуына құрылыс компаниясының арызы түрткі болды

Журналист Вадим Борейко коронавирус кезінде хабар таратып жүрген сәт. Ол YouTube-те "Гиперборей" арнасын жүргізеді.
Журналист Вадим Борейко коронавирус кезінде хабар таратып жүрген сәт. Ол YouTube-те "Гиперборей" арнасын жүргізеді.

Қазақстандық журналист Вадим Борейко банк шоттары Алматы қаласында тұрғын-үй кешенін соғып жатқан құрылыс компаниясынан түскен азаматтық шағымнан соң бұғатталғанын мәлімдеді. Шоттарының бұғатталғанын ол осыдан бір күн хабарлаған.

Борейко кешенге көрші тұратын азаматтардың шағымы жөнінде хабар таратқан. Өз хабарында ол тұрғындардың, құрылыс компаниясы өкілдерінің және қала әкімдігі қызметкерлерінің пікірін берген.

Компания өз талап-арызында Борейконы "көрінеу жалған ақпарат таратты" деп айыптап, одан 71 млн теңге өтемақы талап еткен.

Журналистің жазуынша, Алматы қаласы Бостандық ауданының сотынан хабарлама келіп, сот 19 мамыр күні өтетіні айтылған.

Ақпан айында Борейконың Instagram және Facebook желілеріндегі парақшалары бұғатталған.

Вадим Борейко Қазақстан билігі туралы сыни хабар шығаратын тәуелсіз журналист ретінде танылған. Биыл ақпанда оның әлдекімдер оның Facebook пен Instagram-дағы аккаунттарын бұзған. Оның Instagram-дағы парақшасы былтыр қараша айында да бұғатталған. Журналистикада 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп жүрген Борейко 2000 жылдары "Время", Forbes.kz, Ratel.kz басылымдарында жұмыс істеп, одан кейін YouTube платформасында "Гиперборей" арнасын ашқан.

XS
SM
MD
LG