Accessibility links

Тоқаев: Астана Иранның ядролық мәселесін шешуге септесуге дайын

Бразилия сыртқы істер министрі Мауро Виейру Ақордада. Астана. 11 мамыр 2026 жыл.
Бразилия сыртқы істер министрі Мауро Виейру Ақордада. Астана. 11 мамыр 2026 жыл.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана Иранның ядролық мәселесін шешуге септігін тигізуге дайын деп мәлімдеді. Ол бұл сөзін 11 мамырда Бразилия сыртқы істер министрі Мауро Виейрумен кездескенде айтты.

Ақорданың хабарлауынша, кездесуде Тоқаев БҰҰ мен оның құрылымдарын реформалау жайын талқылап, Бразилиямен халықаралық қауіпсіздік, ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мәселелерінде күш біріктіру керегін айтқан.

Қазақстан мен Бразилия – әлемде уран қоры бойынша алғашқы ондықтағы елдер. Екі ел де уранды бейбіт мақсатқа пайдаланады.

Тоқаев Виейрумен кездесуде энергетика, тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, инновация және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамытуды да талқылаған.

  • АҚШ пен Иран арасындағы соғысты тоқтату бойынша келіссөзде Иранның ядролық бағдарламасы негізгі мәселеге айналып тұр. АҚШ пен Израиль Иран уран байыту бағдарламасы аясында ядролық қару жасап жатыр дейді. Ал Тегеран уранды тек бейбіт мақсатқа қолданатынын айтып келеді.
XS
SM
MD
LG