Accessibility links

АҚШ Иранға соққы жасады

Ормуз бұғазының маңы.
Ормуз бұғазының маңы.

АҚШ 25 мамырда Иранның оңтүстік-шығысындағы ракета ұшыратын орындар мен "кемелердің жолына мина қоюға арналған" қайықтарға соққы жасады. АҚШ әскерінің басқару орталығы (CENTCOM) "америкалық әскерилерді Иранның қаупінен қорғау үшін осындай әрекетке барғанын" айтады.

АҚШ-тың бұл жолғы соққысы әлем мұнайының 20 пайызы өтетін Ормуз бұғаазының аумағына жасалған. Иранның ақпарат агенттіктері елдің солтүстік-шығысындағы Бандар Аббас қаласындағы порт маңында жарылыс болғанын жазды. Ирандағы Mehr агенттігі "жағдай толық бақылауда" деп, халықты алаңдамауға шақырды.

Шабуылдан соң АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ормуз бұғазы "қалай болғанда да ашылуы керек" деп мәлімдеді.

АҚШ пен Иран арасында соғысты аяқтау бойынша нақты келісімге келе алмай жатыр.

XS
SM
MD
LG