Репрессив тактика ма, заңды сараптама ма? Иаков Воронцов ісі
Ресейдің Украинаға басқыншылығын ашық сынап, Қазақстанда тәуелсіз православ шіркеуін құруға талпынған діни қызметкер Иаков Воронцовқа құқық қорғаушылар араша түсіп жатыр. Тергеу абақтысында отырған белсендіні Алматы соты мамырда мәжбүрлі түрде психиатриялық сараптамадан өту үшін арнайы мекемеге жіберген. Халықаралық Human Rights Watch ұйымы мен БҰҰ-ның арнайы баяндамашылары мұны саяси астары бар қудалаудың қауіпті әдісі деп атап, Қазақстан билігін дін қызметкерін дереу босатуға шақырды. Азаматтық қоғам өкілдері президентке ресми мәлімдеме жолдап, соттың бұл шешімін адам құқығын таптайтын «репрессиялық тактика» деп бағалады. Азаттық бұл іс туралы құқық қорғаушы Евгений Жовтистен сұхбат алды.