Анкара "Түрік ғасыры" атты жаңа білім үлгісін енгізді, ал елдің ұлттық білім министрлігі жаңа мектеп оқулықтарын шығарды. Оларда Орталық Азия атауы Түркістан деп өзгертілген – шенеуніктер осылайша аймаққа тарихи атауын қайтарып жатырмыз дейді. Анкараның ісі Тәжікстанға ұнамайды.