Алматы облысында Бәтиқа Біләшті Қонаевтағы полиция басқармасына апарған тұста Amnesty International ұйымы мәлімдеме жасап, Астананы "Атажұрт" белсенділерінің туыстарын қудаламауға шақырды.
Бәтиқа Біләш – АҚШ-та тұратын Шыңжаңдағы қуғын жөнінде айтып жүрген белсенді, "Атажұрт" ұйымының алғаш құрушылардың бірі Серікжан Біләштің әпкесі.
"Батиқа Біләштің саяси астары бар әрі қолдан жасалған алаяқтық айыбымен ұсталғаны алаңдаушылық туғызады. Егер оған халықаралық деңгейде мойындалған қылмыстық айып тағылмаса тез арада босатылу керек. Батиқа Біләштің отбасылық байланыстарына және "Атажұрт" қозғалысының миссиясына бейбіт қолдау білдіргені үшін қудаланса, демек Қазақстан билігінің "Атажұрт" қозғалысымен байланысы бар адамдарды қорқыту әрекеті жалғасып жатқаны" деді Amnesty International ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Мари Струтерс.
Ұйым өкілі "Қазақстан билігі "Атажұрт" мүшелерін және олардың туыстарын, жақтастарын қудалауды тоқтатуы тиіс" дейді мәлімдемеде.
26 маусымға қараған түні Алматы облысында полиция Бәтиқа Біләштің үйін тінтіп, өзін Қонаевтағы басқармаға алып кеткен.
Amnesty International ақпаратынша, полиция оның ұялы телефонын, Құран кітабын тәркілеп, қамауға алған. Халықаралық ұйым Бәтиқа Біләш әлі қамауда отырғанын айтады.