Accessibility links

Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке үкім шықты

Қамшыбек Ташиев
Қамшыбек Ташиев

2 шілдеде Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚМК) бұрынғы басшысы Қамшыбек Ташиевке үкім шығып, оған төрт жылға пробациялық бақылау орнатылды әрі мүлкі тәркіленеді.

Ташиев билікті күшпен басып алуға дайындалды және билігін асыра пайдаланды деп айыпталған еді.

Ташиевпен бірге айыпталған бұрынғы бас прокурор Курманкул Зулушев, қырғыз парламентінің эк-спикері Нурланбек Тургунбек уулу және Ташиевтің жақтастары Бекболот Талгарбеков, Аалы Карашев, Эмиль Узакбаев, Курсан Асанов, Курманбек Дыйканбаев та төрт жыл пробациялық бақылауда болады.

Судья айыпталушылардың барлығын төрт жылға түрме жазасына кесіп, кейін пробациямен бостандықта қалдырды. Егер айыпталушылар пробация талаптарын бұзса қамауға алынады.

Бұған дейін прокурор барлық айыпталушыларды 9 жылға соттауды сұраған еді.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жақын серігі әрі досы болған Ташиев бес жыл бойы елдегі екінші ықпалды адам саналған.

ІСКЕ ТҮРТКІ БОЛҒАН "75-ТІҢ ХАТЫ"

Бұл қылмыстық іске "75 ақсақалдың хаты" себеп болған. Ақпанның басында саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері, барлығы 75 адам президент Жапаров пен сол кездегі парламент спикері Нұрланбек Тургунбек уулуна қайырылып, кезектен тыс президент сайлауын өткізуді сұраған. Хаттан кейін ертеңінде Ташиев қызметтен алынған. Сол кезде Ташиев Германияда емделіп жатқан еді.

Ташиев пен басқа да айыпталушылар өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарады. Ол МҰҚК басшысы болып тұрғанда Жапаровты қолдап, президенттікке түспейтінін айтқан.

XS
SM
MD
LG