Қазақстанның Конституциялық соты жаңа Конституцияға сәйкес, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билікте болған мерзімі нөлге теңелетінін, ол келесі сайлауға түсе алатынын хабарлады. Бұған дейін президент Тоқаев мерзімін «нөлден бастамайтынын», тағы сайлауға түспейтінін бірнеше рет айтқан.