Accessibility links

Трамп Украинаға Patriot зымыранын әзірлеуге рұқсат берді. Бұл соғыстағы жағдайды өзгерте ме?

Киев бірнеше ай бойы АҚШ-тан Patriot зымырандарын Украинада өндіруге рұқсат сұрап келді.
Киев бірнеше ай бойы АҚШ-тан Patriot зымырандарын Украинада өндіруге рұқсат сұрап келді.

Егер АҚШ президенті Дональд Трамп уәдесінде тұрып, Украинаға Patriot зымырандарын әзірлеуге лицензия берсе, бұл Зеленский мен Украина әуе қорғаныс жүйесіне үлкен қолдау болмақ. Алайда сарапшылар елеулі өзгеріс болады деген күмәнмен қарайды.

Ресей Киевке бір апта ішінде үшінші рет жойқын шабуыл жасаған кезде Украина президенті ел астанасынан 1200 шақырым қашықтықта болатын. Ол онда Ресейдің ауыр соққыларын тоқтатуға немесе кем дегенде олардың зардабын азайтуға мүмкіндік беретін қаруды Украинада өндіруге рұқсат сұрап жүрген.

Қазір Киевке көп нәрсе қажет. Украина Ресейдің 52 айға созылған басқыншылық соғысына төтеп беріп жатыр. Бірақ оларға қазір ең керегі – Ресей баллистикалық зымырандарын қағып түсіретін қару.

Осыған дейін баллистикалық зымырандарға қарсы күресте ең тиімді құрал АҚШ-тың Patriot жүйесі болатын. Алайда Украина қолындағы Patriot қорғаныс жүйесінің зымырандары сарқылып жатыр. Таяу Шығыстағы соғыстың салдарынан АҚШ-тың өз қоры да азайып қалды.

Киев енді Patriot жүйесіне керек зымырандарды өзі өндіргісі келеді. Бірақ ол үшін АҚШ-тан лицензия керек.

8 шілде күні Владимир Зеленский бұл лицензияға бір табан жақындады.

"Біз оларға Patriot өндіруге рұқсат береміз" деді Трамп Түркиядағы НАТО саммиті аясында Зеленскиймен кездесіп.

"Біз сіздерге Patriot өндірісіне лицензия береміз" деді ол. "Енді жеткілікті деңгейде бермей жатсыңдар деп шағына алмайсыздар. "Өздеріңіз әзірлеңіздер" деп айтамын.

Егер Трамп бұл уәдесін орындаса, бұл Украинаның әуе шабуылынан қорғау жүйесіне және Зеленскийдің өзіне елеулі қолдау болмақ.

Ресей кейінгі апталарда Киевке түрлі қарумен соққы жасады. Шабуылда дрондар, қанатты және баллистикалық зымырандар қолданылды. 30 адамның өмірін қиған 2 шілдедегі шабуыл 2022 жылғы ақпанда басталған соғыстың ең ауыр соққыларының бірі болды.

Ресей бір апта ішінде Киевке үш рет соққы жасады. Кейінгісі 6 шілдеде жасалды.
Ресей бір апта ішінде Киевке үш рет соққы жасады. Кейінгісі 6 шілдеде жасалды.

Соғыс барысында Украинаның әуе қорғаныс жүйесі айтарлықтай күшейді. Әуе күштері Ресейдің дрондары мен қанатты зымырандарын жоюды үйренді. Сонымен қатар Украинаның қорғаныс өнеркәсібі жаңа қару-жарақ, соның ішінде әуе қорғанысы жүйелерін жасауды жеделдетті.

Лондондағы Ақпараттық тұрақтылық орталығының мәліметінше, Украина биыл қаңтардан бері Ресейдің ұзаққа ұшатын дрондарының 90 пайызын (майдан шебінде қолданылып жатқан қысқа қашықтықтағы дрондар есепке алынбаған), қанатты зымыранының 80 пайызын атып түсірген.

Алайда биыл ұшырылған 522 ресейлік баллистикалық зымыранның 70 пайызы Украинаның әуе шабуылынан қорғау жүйесінен өтіп кеткен.

Ресей негізінен ұшу қашықтығы шамамен 500 шақырым болатын, жылдамдығы 7 Махқа дейін жететін (1 Махпен қозғалатын зымыран бір секундта 340 метрге жетеді) жерүсті базасындағы "Искандер-М" зымыранын қолданады. Мұндай зымыран нысанаға бірнеше минут ішінде жетеді.

6 шілдедегі шабуыл кезінде Киевтің әуе қорғанысы 23 "Искандер-М" зымыранының бірде-бірін атып түсіре алмады. Сондай-ақ "Циркон" деп аталатын алты гипердыбыстық қанатты зымыран да тосқауылдан өтіп кетті.

"Баллистикалық зымырандарды жою үшін тиісті құралдар қажет. Бізде жүйелер жеткілікті, бірақ бізге зымырандардың тұрақты жеткізілгені керек" деді 2 шілдедегі шабуылдан кейін Украина Әуе күштерінің өкілі полковник Юрий Игнат телеүндеуінде.

"Patriot жүйесіне арналған зымырандар Украинада ғана емес, бүкіл әлемде жетіспей жатыр, ал Ресей соны пайдаланып отыр" деді ол. "Олар сол себепті баллистикалық зымырандармен соққы жасауға басымдық беріп келеді".

Қырымды қара түнек басты: Украина дрондары электр желілерін жайпап жатыр

Жарық сөнген кезде қолына шам ұстап келе жатқан әйел. 5 шілде, Қырымның батысындағы Евпатория қаласы.

Кейінгі аптада Қырымдағы электр желілеріне шабуылдаған украин дрондары Ресей басып алған үлкен түбектің едәуір бөлігін қара түнекке батырды.
1/8 Жарық сөнген кезде қолына шам ұстап келе жатқан әйел. 5 шілде, Қырымның батысындағы Евпатория қаласы.

Кейінгі аптада Қырымдағы электр желілеріне шабуылдаған украин дрондары Ресей басып алған үлкен түбектің едәуір бөлігін қара түнекке батырды.
Украинаның Ресей басып алған Қырым түбегінде жарықтың өшуі жиілеп, Кремль тағайындаған жергілікті билік "шұғыл көмек орталықтарын" ашты. Түбекте энергетикалық дағдарыс ушығуы мүмкін.
2026 жылғы қаңтар мен шілде айларындағы түнгі Қырымды салыстырған спутник суреттері.

Қырымның электр энергиясына жауапты «Крымэнерго» компаниясы 7 шілдеде "жау дрондарының шабуылынан болған апаттарға байланысты бірқатар елдімекен әзірге жарықсыз қалып отыр" деп мәлімдеді.
2/8 2026 жылғы қаңтар мен шілде айларындағы түнгі Қырымды салыстырған спутник суреттері.

Қырымның электр энергиясына жауапты «Крымэнерго» компаниясы 7 шілдеде "жау дрондарының шабуылынан болған апаттарға байланысты бірқатар елдімекен әзірге жарықсыз қалып отыр" деп мәлімдеді.
Украинаның Ресей басып алған Қырым түбегінде жарықтың өшуі жиілеп, Кремль тағайындаған жергілікті билік "шұғыл көмек орталықтарын" ашты. Түбекте энергетикалық дағдарыс ушығуы мүмкін.
Евпатория көшелерінде жүрген адамдар. 5 шілде.

"Крымэнерго" мәлімдемесінде 7 шілдеге дейін түбекте 19 қала мен елдімекен жарықсыз қалған.
3/8 Евпатория көшелерінде жүрген адамдар. 5 шілде.

"Крымэнерго" мәлімдемесінде 7 шілдеге дейін түбекте 19 қала мен елдімекен жарықсыз қалған.
Украинаның Ресей басып алған Қырым түбегінде жарықтың өшуі жиілеп, Кремль тағайындаған жергілікті билік "шұғыл көмек орталықтарын" ашты. Түбекте энергетикалық дағдарыс ушығуы мүмкін.
6 шілде күні жарияланған украин дронының видеосынан алынған мына кескінде Қырым электр станцияларына жасалған шабуылдардың бірі көрінеді.

Украина 1 шілдеден бері Қырым энергетика жүйесіне 38 мәрте дронмен шабуылдаған. Шабуылға ұшырағандар қатарында Қырымның астанасы, әрі осы түбектегі ең ірі екінші қала – Симферопольдегі электр желісі де бар.
4/8 6 шілде күні жарияланған украин дронының видеосынан алынған мына кескінде Қырым электр станцияларына жасалған шабуылдардың бірі көрінеді.

Украина 1 шілдеден бері Қырым энергетика жүйесіне 38 мәрте дронмен шабуылдаған. Шабуылға ұшырағандар қатарында Қырымның астанасы, әрі осы түбектегі ең ірі екінші қала – Симферопольдегі электр желісі де бар.
Украинаның Ресей басып алған Қырым түбегінде жарықтың өшуі жиілеп, Кремль тағайындаған жергілікті билік "шұғыл көмек орталықтарын" ашты. Түбекте энергетикалық дағдарыс ушығуы мүмкін.
Велосипедшілер мен жаяу жүргіншілер қараңғыда көшені кесіп өтіп барады. Евпатория, 5 шілде.

Жанармай тапшылығы мен жарықтың сөнуінен бірқатар қалада су беру қиындай түсті. Сондай-ақ трамвай көлігінің қатынауы тоқтады.
5/8 Велосипедшілер мен жаяу жүргіншілер қараңғыда көшені кесіп өтіп барады. Евпатория, 5 шілде.

Жанармай тапшылығы мен жарықтың сөнуінен бірқатар қалада су беру қиындай түсті. Сондай-ақ трамвай көлігінің қатынауы тоқтады.
Украинаның Ресей басып алған Қырым түбегінде жарықтың өшуі жиілеп, Кремль тағайындаған жергілікті билік "шұғыл көмек орталықтарын" ашты. Түбекте энергетикалық дағдарыс ушығуы мүмкін.
Жарықсыз қалған көпқабатты үй. Евпатория, 5 шілде.

Ақпарат құралдары жарықтың өшуінен Евпаториядағы қалалық су айдау станциялары істен шыққанын хабарлап отыр.

"Су құбырларындағы қысым қажетті деңгейден төмен болғандықтан, су ғимараттардың жоғарғы қабаттарына және биік орналасқан аудандарға жетпей жатыр", – деді жергілікті шенеуніктердің бірі 6 шілдеде.
6/8 Жарықсыз қалған көпқабатты үй. Евпатория, 5 шілде.

Ақпарат құралдары жарықтың өшуінен Евпаториядағы қалалық су айдау станциялары істен шыққанын хабарлап отыр.

"Су құбырларындағы қысым қажетті деңгейден төмен болғандықтан, су ғимараттардың жоғарғы қабаттарына және биік орналасқан аудандарға жетпей жатыр", – деді жергілікті шенеуніктердің бірі 6 шілдеде.
Украинаның Ресей басып алған Қырым түбегінде жарықтың өшуі жиілеп, Кремль тағайындаған жергілікті билік "шұғыл көмек орталықтарын" ашты. Түбекте энергетикалық дағдарыс ушығуы мүмкін.
Қырымның шығыс жағалауындағы Феодосия қаласының бос жатқан жағажайы. Шілденің басында түсірілген сурет.

Маусымның аяғында Украина соққылары салдарынан туристердің Қырымнан Ресейге жаппай кетіп жатқаны жайлы видео тарады.
7/8 Қырымның шығыс жағалауындағы Феодосия қаласының бос жатқан жағажайы. Шілденің басында түсірілген сурет.

Маусымның аяғында Украина соққылары салдарынан туристердің Қырымнан Ресейге жаппай кетіп жатқаны жайлы видео тарады.
Украинаның Ресей басып алған Қырым түбегінде жарықтың өшуі жиілеп, Кремль тағайындаған жергілікті билік "шұғыл көмек орталықтарын" ашты. Түбекте энергетикалық дағдарыс ушығуы мүмкін.
Евпаторияның қараңғыда қалған үйлері. 5 шілде.

Ресей тағайындаған жергілікті билік 5 шілдеден бері Қырымның бірнеше қаласында "шұғыл көмек орталықтарын" ашты. Онда тұрғындарға телефондарын қуаттауға, байланыс құралдарын пайдалануға және жедел көмек алуға мүмкіндік беріліп жатыр.
8/8 Евпаторияның қараңғыда қалған үйлері. 5 шілде.

Ресей тағайындаған жергілікті билік 5 шілдеден бері Қырымның бірнеше қаласында "шұғыл көмек орталықтарын" ашты. Онда тұрғындарға телефондарын қуаттауға, байланыс құралдарын пайдалануға және жедел көмек алуға мүмкіндік беріліп жатыр.
Украинаның Ресей басып алған Қырым түбегінде жарықтың өшуі жиілеп, Кремль тағайындаған жергілікті билік "шұғыл көмек орталықтарын" ашты. Түбекте энергетикалық дағдарыс ушығуы мүмкін.
Previous slide
Next slide

Patriot зымыранын Украинаның өзі өндірсе...

Америкалық Lockheed Martin және Raytheon дейтін ірі компаниялар шығаратын Patriot жүйесінің құрамында: қағып түсіруші зымыран, ұшыру қондырғысы, радар, жоғары жиілікті антенна, басқару станциясы және электр энергиясының генераторы бар.

Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының дерегінше, бір Patriot жүйесінің жалпы құны – шамамен 1,1 миллиард доллар. Оның ішіне ұшыру қондырғысы мен өзге компоненттер 400 миллион доллары, зымырандар 690 миллион доллар тұрады.

Украинада кемінде жеті Patriot жүйесі бар. Оның үшеуін АҚШ, үшеуін Германия, ал кемі біреуін Еуропадағы одақтастар тобы берген.

Алайда олардың барлығы бір уақытта жұмыс істемейді. Себебі бұл кешендер жөндеуден өтіп тұрады.

Украинада бұдан бөлек Франция мен Италия бірлесіп жасаған SAMP/T жүйесі де бар. Ол қанатты зымырандар мен дрондарды жоя алғанымен, оның биігірек әрі жылдамырақ ұшатын баллистикалық зымырандарға қарсы тиімділігі төмен.

Ресей шабуылы кезінде жертөлені паналап отырған Киев тұрғындары. 6 шілде 2026 жыл.
Ресей шабуылы кезінде жертөлені паналап отырған Киев тұрғындары. 6 шілде 2026 жыл.

Киевке Patriot батареяларынан ұшырылатын PAC-2 және жаңарақ PAC-3 зымырандары жетіспейді.

Украина билігі бұл мәселені бірнеше ай бойы АҚШ әкімшілігімен талқылап келді. Сонымен қатар Киев еуропалық одақтастардың қолдауына да үміт артып отыр.

"Украиндар бізге PAC-2-ге балама зымырандарды бір жылдан аз уақыт ішінде жасап, оны көп көлемде шығара алатынын айтып отыр. Егер олар мұны жүзеге асырса, біз оны құптаймыз" деді НАТО-ның жоғары лауазымды дипломаты Азаттық радиосына берген сұхбатында.

Алайда сарапшылар Украина жақын арада мұндай зымырандарды кең көлемде өндіре алатынына күмән келтіреді.

"Украинада PAC-3 зымырандарын лицензия бойынша өндіруді жолға қоя аламыз дегенге келіспеймін" дейді Украинаның бұрынғы әуе қорғанысы офицері, қазір Киев ұлттық авиация университетінде дәріс беретін Валерий Романенко.

"Біріншіден, біздің барлық кәсіпорындарымыз Ресейдің баллистикалық зымырандарының шабуылына ұшырап жатыр, ал біз оларды әзірге қорғай алмаймыз. Екіншіден, біз де өндірушілер сияқты құрамдас бөлшектер тапшылығына тап боламыз" дейді ол.

"Трамп рұқсатын берген шығар, бірақ бұл жоспардың өзі іске аспайды" дейді АҚШ-тағы Defense Priorities сараптама орталығының зерттеушісі Дженнифер Кавана. "Украина экспорт талаптарына сай өндіріс орындарын салуы, бөлшектер тапшылығын еңсеруі және АҚШ заңнамасындағы көптеген рәсімнен өтуі керек".

"Украина Patriot зымырандарын шығаратын болса да, бұл шағын көлемде әрі кемінде бір жылдан кейін ғана жүзеге асады. Сондықтан бұл қысқа мерзімде Украинаға көмектеспейді" дейді Кавана.

Оның айтуынша, құпия технологиялардың қарсылас елдердің қолына түсу қаупін де жоққа шығаруға болмайды.

"Бұл технологияларды Украинаға беруде үлкен қауіп-қатерлер бар. Меніңше, Украинаға лицензия берілген жағдайда, технология түбінде Ресей мен Қытайдың қолына түсуі әбден мүмкін" дейді Кавана.

Трамп Украинаға Patriot зымырандарын жасауға рұқсат берді Трамп Украинаға Patriot зымырандарын жасауға рұқсат берді
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:48 0:00

Романенконың пікірінше, Украина үшін ең тиімді стратегия – Ресейдің қорғаныс кәсіпорындарын жоюға арналған алыс қашықтықтағы зымырандарды көбірек алу. Ол америкалық "Томагавк" зымырандарын мысал етеді.

Былтыр АҚШ қорғаныс министрлігі Украинаға "Томагавк" зымырандарын беруге келіскен, бірақ АҚШ оны тоқтатып қойды.

"Мен белсенді қорғаныстың жақтасымын... Бізге Ресейдің зымыран шығаратын зауыттары мен осы баллистикалық зымырандарды ұшыратын бөлімшелеріне соққы жасау керек. Бірақ мұндай соққылар үшін бізге алыс қашықтыққа ұшатын қуатты зымырандар – "Томагавкілер" немесе әуеден ұшырылатын қанатты зымырандар қажет.

Алыс қашықтыққа ұшатын дрондар мен "Фламинго" қанатты зымыранын жасауда табысқа жеткен украиналық Fire Point компаниясы Patriot жүйесін толықтыратын немесе тіпті алмастыратын өз әуе қорғаныс жүйесін әзірлеп жатыр.

Өткен айда компания "Фрея" деп аталатын жүйенің сынағы сәтті өткенін хабарлады. Алайда сарапшылар оның толыққанды ұрысқа дайын батареясын орналастыру үшін әлі бірнеше ай қажет екенін ескертеді.

Айдар
XS
SM
MD
LG