Украина Wildberries-ті тағы жарды, АҚШ Киевті бөтен кемелерді атпауға шақырды | Соғыс жаңалықтары
Украина Ресейдің тағы екі қаласындағы Wildberries логистикалық орталықтарына шабуыл жасады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар. Сонымен бірге Ресейдің Краснодар өлкесіндегі мұнай базасы да соққы нысанасына айналған болуы мүмкін. АҚШ Украинаны Қара теңізде бөтен кемелерді атпауға үндеді.