Украина Рязаньдағы мұнай зауыты мен Wildberries қоймасына шабуылдады
Украина дрондары Ресейдің Рязань облысындағы бірден екі ірі нысанға соққы жасады. Шабуылдан кейін мұнай өңдеу зауытының аумағында өрт шығып, қойма қызметкерлері эвакуацияланды. Соққыға Wildberries қоймасы да ұшырады. Ресей Қорғаныс министрлігі бір түнде 295 украиналық дронның жойылғанын хабарлады.