Сөзден жаңылу, бір-бірін қағыту, сарапшылар сыны. Теледебат қалай өтті?
29 шілдеде Құрылтай сайлауына қатысатын жеті партия арасында теледебат өтті. Партиялардың өкілдері бір-біріне сайлауалды бағдарламалары шеңберінде сұрақ қойып, белгіленген тақырып аясындағы сауалдарға жауап берді. Тәуелсіз сарапшылар мұны "қойылымға", "студенттердің пікірталасына" ұқсатып, сынға алды.