Қазақстанда халықаралық қатынастар саласының профессоры, 46 жастағы өзбек зерттеушісі Икболжон Қорабоев тыңшылық бабымен ұсталды. 3 шілдеде Астанадағы үйінен оны жай киім киген бірнеше адам ұстап әкеткен. Туыстары онымен екі айдан бері кездесе алмай жүргенін айтады.