Accessibility links

Бұрынғы төтенше жағдай министрі Алматы облысына әкім болды

Шыңғыс Әрінов
Шыңғыс Әрінов

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін облысты Алматы облысы Марат Сұлтанғазиев басқарған. Ол бүгін президенттің жарлығымен қызметінен босатылды.

Шыңғыс Әрінов 2024 жылдың ақпанынан бері төтенше жағдай министрі болған. Оған дейін мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болды.

Оның ресми биографиясы өте жұпыны жазылған. Онда оның 2006-2022 жылдар аралығында "мемлекеттік күзет қызметінде түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарды атқарғаны" ғана жазылған.

Айдар
XS
SM
MD
LG