Максим Загайнов 31 тамызда «Бішкек Аренада» өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында Украина туын ұстап шықты. Қырымда туған 20 жастағы балуан еркін күреспен айналысады. Қырғыз жұрты ашылу салтанатында Максимді қошеметпен қарсы алды.