Қазақстан Қашаған кен орнын игеріп жатқан әлемдік мұнай компанияларынан $160 миллиардтан астам ақша талап етіп отыр. Қазақстан тарапы миллиардтаған доллар шығын негізсіз көбейтілді, ал кей келісімде жемқорлық белгілері болуы мүмкін дейді. Мұнай компаниялары бұл айыпқа келіспейді.