Accessibility links

БАҚ: Зеленский мен АҚШ Орталық барлау басқармасының басшысы Ирландиядан кездескен

АҚШ орталық барлау басқармасының басшысы Джон Рэтклифф
АҚШ орталық барлау басқармасының басшысы Джон Рэтклифф

Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) директоры Джон Рэтклифф Ирландиядағы Шеннон әуежайында кездескен. Мұндай ақпаратты кездесу жайлы білетін, аты-жөні аталмаған дереккөзге сүйеніп Reuters жариялады. Украина билігі де, ЦРУ да ол кездесу туралы ресми түрде хабарлаған жоқ.

Бір дереккөздің айтуынша, Зеленский мен Рэтклифф ұшақтары Шеннон әуежайында жанармай құйып жатқан кезде сөйлескен. Reuters сөйлескен екінші дереккөз кездесу 21 қыркүйекте өткенін айтқан. Зеленский дүйсенбіде БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке ұшып бара жатқанда, ал Рэтклифф Египеттен қайтар жолда Ирландия әуежайына аялдаған деп хабарлады ақпарат агенттігі. Зеленский сейсенбі күні Нью-Йоркте АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеспек.

Екі дереккөз де әңгіменің егжей-тегжейін жариялаудан бас тартты. Азаттық радиосында ондай кездесу өткенін немесе егжей-тегжейін растайтын деректер жоқ.

Рэтклифф тамыз айының аяғында күтпеген жерден Мәскеуге сапармен барған еді. Оның Ресей астанасында өткізген келіссөздерінің егжей-тегжейі жайлы хабар жарияланған жоқ. АҚШ президенті Дональд Трамп Рэтклиффтің Мәскеуге сапарын "жартылай әдеттегі" шаруа ғой деп сипаттаған. Ол сапар туралы пікір білдіргендер ЦРУ-дың бұрынғы директоры Уильям Бернс Ресей Украинаға басып кірерден бірнеше ай бұрын Мәскеуге ұшып барғанын еске салған еді.

Айдар
XS
SM
MD
LG