Каспий теңізіндегі апаттан 14 сарбаздың қазасынан соң желіде сыни пікір жазғандардың біразы «полиция хабарласқан соң пікірлерін өшіргенін» айтып жатыр. Сарапшылар билік қоғаммен коммуникацияда қателік жіберіп, сынды қысыммен басуға әрекет жасады дейді.