БҰҰ Мәскеуді айыптады, Киев шабуыл астында қалды, Олешки бойынша бітім бар
Ресей Киевке баллистикалық зымырандар мен жүздеген дрон жіберді. Кейінгі дерек бойынша, Украина астанасында бір адам қаза тауып, кемінде 15 адам жараланған. Шабуыл университет жатақханасына, тұрғын үйлерге, метро инфрақұрылымына және Днепр үстіндегі Оңтүстік көпірге де зақым келтірді. Осы түні Украина дрондары Ресей аумағына да жаппай шабуыл жасады. Ал атыс жалғасып жатқан тұста Херсон облысындағы Ресей бақылауындағы Олешки қаласында гуманитарлық көмек жеткізу және тұрғындарды эвакуациялау үшін жергілікті бітім күшіне енді.