Accessibility links

Әлиев түркі мемлекеттерінің саммитіне бармайды

Әзербайжан және Түркия басшылары Илхам Әлиев және Режеп Ердоған. Коллаж.
Әзербайжан және Түркия басшылары Илхам Әлиев және Режеп Ердоған. Коллаж.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Анкарада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатыспайды. Report агенттігінің хабарлауынша, бұған оның "алдын ала жоспарланған іс-шаралары" мен "жұмыс кестесінің тығыздығы" себеп болған. Саммитке Әзербайжан атынан сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов қатысады.

Агенттіктің мәліметінше, 30 қазанда Әлиев Бакуде FIFA U-15 әлем чемпионаты мен фестивалінің финалистерін марапаттауы тиіс. Бұл рәсімге қатысуы алдын ала жоспарланған.

30 қазанда өтетін саммитте Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалық Әзербайжаннан Түркияға өтеді. Қатысушылар сауда, көлік, энергетика және цифрлық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, Анкара декларациясын қабылдауды жоспарлап жоспарлап отыр.

Әлиевтің саммитке қатыспайтыны туралы хабар Анкара мен Баку арасында Әзербайжан мектептерінде хиджаб киюге қойылған шектеуге байланысты ашық дау туындағаннан шақта шығып отыр. Түркия президентінің кеңесшісі Октай Сарал Әзербайжанды бұл шектеуді қайта қарауға шақырған. Ал Әзербайжандағы билік партиясы оның мәлімдемесін «жауапсыздық» деп атап, мұндай сөздер екі елдің қарым-қатынасына нұқсан келтіруі мүмкін екенін ескерткен.

Дау қыркүйек айында мектеп формасына қатысты ережелер өзгергеннен кейін басталған. Құжатта хиджабқа тікелей тыйым салынбағанымен, кейбір мектептер орамал таққан оқушыларды сабаққа кіргізбей қойған. Бұл жағдай жаппай наразылыққа ұласты. Әзербайжан ішкі істер министрлігі наразылық кезінде 37 адамның ұсталғанын хабарлады.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG