Украинаның Киев облысы Дымер кентінде ресейлік әуе шабуылынан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті деп хабарлады аймақ билігі.
Ресми мәлімет бойынша, құрбан болғандар арасында кішкентай қыз бала бар. 7 адам зардап шеккен, оның екеуі – бала. Тағы екі адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында.
Ресей күштерінің әуеден жасаған шабуылы салдарынан бес қабатты тұрғын үй ішінара қираған еді. Үйдің орнында іздестіру-құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Құтқарушылар үйінді астынан 79 жастағы әйелді алып шыққан.
21 қараша кешке Ресей дроны Киев облысындағы Вышгород қаласына жақын Дымер елді мекеніндегі бес қабатты тұрғын үйге түсіп, салдарынан ғимараттың бір бөлігі қираған.