Accessibility links

Беларусь полициясы оппозициялық шеруді болдырмады


Беларусь полициясы Минскіде үкіметке қарсы шеру өткізбек болған жүздеген оппозициялық белсенділерді күшпен қуып таратты.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, жұма күні ондаған наразылық танытушы соққыға жығылып, кемінде 50 адам тұтқындалған.

Наурыздың 25-і күні оппозициялық қозғалыстар әдетте Беларусьтің 1918 жылы қысқа уақытқа Ресейден тәуелсіздігін жариялауын атап өтеді. Бірақ билік орындары мұндай шерулерге тыйым салған.
XS
SM
MD
LG