Accessibility links

Ливиялық көтерілісшілер маңызды қаланы өз бақылауына алды


Ливия көтерілісшілері Муаммар Каддафидің күштеріне қарсы халықаралық шабуылдардан кейін Аждабия қаласын өз бақылауына қайтарып алды. Тілшілердің айтуынша, қалаға баратын жолда Каддафи әскерилерінің кемінде 8 танкі өртелген.

Каддафиге қарсы халықаралық әскери әрекеттің басталғанына бір аптадан асты. Жұмада операцияның жетінші күнінде Ливияның әуе кеңістігінде ұшуға шектеу енгізу әрекеттеріне Араб елдері арасында алғашқы болып Қатар қосылды.

Сонымен қатар НАТО канадалық генерал-лейтенант Шарль Бушарды альянстың Ливиядағы операциясының басшысы етіп тағайындады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарына сәйкес ол Ливия халқын Каддафи күштерінің шабуылынан қорғау әрекеттерін басқаратын болады.

Каддафи режиміндегі денсаулық сақтау министрлігі өкілінің айтуынша, осыдан бір аптадан астам бұрын халықаралық әуе шабуылдар басталғалы бері 114 ливиялық қаза тапқан. Бірақ ол құрбан болғандардың нешеуі сарбаздар немесе қарапайым азаматтар екенін айтпады.

Ақ үйдің мәліметінше, президент Барак Обама дүйсенбі күні телеарна арқылы мәлімдеме жасап, АҚШ-тың Ливия қақтығысындағы мақсаттарын түсіндірмек.
XS
SM
MD
LG