Accessibility links

Одақтас күштердің соққысы Ливия көтерілісшілеріне қолдау болды


Халықаралық одақтас күштердің әуе соққысы Ливия көтерілісшілерінің Муаммар Каддафи жасақтарынан бірқатар аймақтарды қайтарып алуына жол ашты.

Ливия оппозициясы сенбі күні Ливияның стратегиялық қаласы Аждабия қаласын қайта алды. Одан кейін көтерілісшілер бақылауында болған Бенгази мен мұнайлы қала Тобрукандқа жол ашылды. Көтерілісшілер сондай-ақ Брега портты қаласын да қайтарып алғанын айтуда.

Франция өз соғыс ұшақтары Мисрата әуе базасы сыртында Ливияның 5 әуе кемесі мен екі тікұшағын атып түсіргенін айтты.

Каддафи үкіметінің өкілі әуе шабуылдары Аждабия мен Сирте жолдарына да беріліп, бірнеше әскер мен бейбіт тұрғындар қаза тапқанын хабарлады.

АҚШ қорғаныс хатшысы Роберт Гейтс Каддафиді өз әскері өлтірген адамдар мәйітін әуе соққысы болған жерлерге жинап қойды деп айыптады.
XS
SM
MD
LG