Accessibility links

Пәкістан премьері Үндістандағы крикет ширек финалына қатысады


Пәкістан премьер-министрі Юсуф Раза Гилани Пәкістан мен үндістан крикетшілері арасындағы ширек финал ойынын көру үшін Үндістанға барады.

Сәрсенбі күні Мохали қаласында өтетін ойын екі елдің арасында 2008 жылғы Мумбай шабуылдарынан кейін бірінші рет өтіп отырған шара.

160-тан аса адамның өмірін әкеткен бұл шабуылдар үшін Пәкістандағы жауынгерлер айыпталған. Соған байланысты Пәкістан мен Үндістан арасындағы бейбіт келіссөздер тоқтап қалған.

Премьер-министр Гилани жексенбі күні таратқан мәлімдемесінде, үндістандық әріптесінің ширек финалды көруге шақыртуын қабыл алғанын айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG