Accessibility links

Израиль әуе соққысынан 2 палестиндік қаза тапты


Израиль күштерінің әуе соққысынан Газа қаласындағы палестиналық қарулы топтың екі мүшесі қаза болған. Бұл туралы Хамас ұйымның өкілдері мен дәрігерлер хабарлады.

Израиль адам шығыны жайлы ештеңе хабарламады. Бұл оқиға Хамас Израилге атысты тоқтатуды ұсынған бір күннен соң болып отыр.

Израиль әскерінің өткен аптада жүргізген рейдінен 5 жауынгер мен 4 бейбіт тұрғын өлтірілген. Израиль оны еврей еліне берілген 70-тен аса зымыран соққысына жауап болды деді.
XS
SM
MD
LG