Accessibility links

Иордания парламенті оппозицияның реформа жөніндегі ұсынысын қабылдамады


Иордания королі Екінші Абдолланың конституциялық өкілеттіктерін шектеуге шақырған оппозицияның ұсынысын ел парламентінің төменгі палатасы қабылдамай тастады.

Жақында Иордания оппозициясының көрнекті тұлғалары елде саяси реформалар жасап, билік жүйесін толыққанды конституциялық монархияға өзгерту туралы бастама көтерген еді. Олар премьер-министр мен үкіметті тағайындауды корольдің құзырынан алып, оларды сайлауды ұсынды.

Жексенбі күні король Екінші Абдолла елді ұлттық бірлікке шақырды.

Жұма күні ел астанасы Амманда үкіметке қарсы шеруге шыққандар мен қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыстар салдарынан бір адам қаза тауып, 100-ден аса адам жараланған.
XS
SM
MD
LG