Accessibility links

Пәкістанда қауіпсіздік қызметінің 11 адамы оққа ұшты


Дүйсенбі күні Пәкістанда бүлікшілермен атыста қауіпсіздік қызметінің 11 адамы қаза тапты.

Қарулы қақтығыс "әл-Қаида" ұйымының мүшелері мен тәлібтер жиі бой көрсететін, Ауғанстанмен шекарада орналасқан Хайбер-Пахтунхва аймағында болған.

Соңғы екі жылда бұл аймақта бүлікшілерге қарсы бірнеше рет операциялар жүргізілген.
XS
SM
MD
LG