Accessibility links

АҚШ "Белоруснефть" компаниясына қарсы санкция енгізді


АҚШ Белорусь мемлекеттік "Белоруснефть" кәсіпорынын Иранға қарсы енгізілген санкцияны бұзған компаниялар тізіміне енгізді.

Осылайша енді Белорусь кәсіпорының АҚШ аумағындағы қызметіне шектеу қойылады. АҚШ үкіметі белорусь кәсіпорынының "2007 жылы Иранның NaftIran Intertrade компаниясымен мұнай өндіруге қатысты 500 миллион доллардың келісім-шартын жасасқаны анықталғанын" алға тартып отыр.

Иранға қарсы халықаралық санкция ол елдің ядролық бағдарламасына байланысты енгізілген. Санкцияға сәйкес, Иранмен жасалатын келісім-шарттың шекті сомасы 20 миллион доллардан аспауы тиіс.

АҚШ Иран ядролық қару жасамақшы деп күдіктенеді, ал ресми Теһран оны жоққа шығарумен келеді.
XS
SM
MD
LG