Accessibility links

НАТО Ливиядағы миссияны өз бақылауына алды


НАТО Ливия әуе кеңістігендегі барлық операцияларды өз бақылауына алғанын айтты.

НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссеннің мәлімдеуінше, бейсенбі күні таңертең альянс Ливия әуе кеңістігіндегі барлық операцияларға басшылық ете бастаған.

Ливия жетекшісі Муаммар Каддафидің күштеріне қарсы әуе шабуылдарын бұдан бұрын АҚШ, Ұлыбритания және Франция басқарған болатын. АҚШ жетекшілігіндегі коалиция наурыздың 19-нан бері Каддафи күштеріне қарсы әуедден соққы беріп келді.
XS
SM
MD
LG