Accessibility links

Әзербайжанда оппозиция қолдаушылары ұсталды


Әзербайжанның арнайы полициясы бүгін Баку орталығында наразылық шарасын өткізбек болған оппозиция қолдаушыларына кедергі жасады.

Резеңкелі оқ пен көзден жас ағызатын баллондар және тоқпақтармен қаруланған полиция қызметкерлері Фонтан алаңына бара жатқан наразылық танытушыларды тұтқындап, автобустарға күшпен кіргізіп алып кетті.

Азаттық радиосының Әзербайжан қызметінің тілшісі автобустың ішінде отырғандарға полицияның көзден жас ағызатын газ шашқанына куә болды.

Сәуірдің 2-дегі шеруді оппозициялық "Қоғамдық палата" тобы ұйымдастырды. Билік орындары шеруге рұқсат етпеген болатын.
XS
SM
MD
LG