Accessibility links

Президентікке кандидат Ғани Қасымов дауыс берді


Кезектен тыс президент сайлауына кандидаттардың бірі - «Қазақстан патриоттары партиясының» жетешкісі, парламент депутаты Ғани Қасымов жексенбі күні Алматыдағы орта мектептердің біріндегі сайлау учаскесінде дауыс берді.

Ол бұған дейін 1999 жылы президент сайлауына түскенімен көп дауыс ала алмаған еді.

Бұл жолғы сайлауда оған бәсекелес тағы үш кандидат бар. Олар - «Табиғат» Қазақстан коммунистік халықтық партиясынан сайлауға тсүкен Жамбыл Ахметбеков, «Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов және «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясынан елдің қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сайлау учаскелерінде дауыс беру бүгін кешкі сағат сегізге дейін жалғасады.
XS
SM
MD
LG