Accessibility links

Бас прокуратура сайлау науқаны кезіндегі шағымдар бұрынғыдан аз деді


Қазақстанда бұрынғы сайлаулармен салыстырғанда, осы жолы сайлауға қатысты шағымдар азырақ түсті. Бұл туралы жексенбі күні Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте бас прокуратураның әлеуметтік және экономикалық саладағы заңдылықтарды бақылау департаментінің басшысы айтты.

Андрей Кравченконың айтуынша, қолда бар соңғы мәліметтер бойынша жексенбі күнгі дауыс берулер сағатын қосқанның өзінде мемлекеттік органдарға 1004 адам қайрылған. Оның 907-сі мәлімдеме, 90-ы шағым, жетеуі ұсыныс болды деді ол.

Кравченконың пікірінше, сайлауға қатысты шағымдар мен үндеулер саны бұрынғы сайлаулардан айтарлықтай аз болып шыққан.
XS
SM
MD
LG