Accessibility links

Индонезия билігі цунами қаупінің беті қайтқанын хабарлады


Индонезияның билік орындары тұрғындарға цунами қаупінің беті қайтқанын хабарлады.

Бүгін таңертең Ява аралы жағалауына жақын жерде болған күшті жер сілкінісінен кейін Индознезияда тұрғын халыққа цунами қаупі бары туралы хабарланып, сақтық шараларын жасау ескертілген еді.

Магнитудасы 6,7 балл жер асты дүмпулерінің кіндігі Ява аралынан оңтүстікке қарай 270 шақырымдай қашықтықта, Үнді мұхитының түбінде 24 шақырым тереңдікте орналасқаны айтылып отыр.

Жер сілікінісі салдарынан зардап шеккендер туралы ақпараттар әзірге түскен жоқ.
XS
SM
MD
LG