Accessibility links

Грекия Каддафи дағдарыстан шығу жолын іздеуде деді


Грекияның мәлімдеуінше, Ливия жетекшісі Муаммар Каддафи үкіметі билікке қарсы көтерілісшілермен қақтығысты реттеуге тырысып жатқан сыңай танытқан.

Жексенбі күні Афиныда Каддафи өкілі Абделати әл-Обейди грек үкіметінің басшысымен келіссөздер өткізді. Грекия сыртқы істер министрі бұл кездесуден кейін Каддафи режимі жағдайды реттеуге тырысуда деді.

АҚШ таратқан мәлімдемеде, Вашингтон Ливиядағы операцияларға бақылауды алған НАТО-ның сұрауы бойынша, Каддафи күштерін нысанаға алған әуе соққысын кемінде тағы бір күнге жалғастыруға келісім берген.

АҚШ әскері осыған дейін жексенбіден бастап өзінің соғыс ұшақтары мен зымырандарын Ливиядағы әуе операцияларынан қайтарып алмақшы болған.
XS
SM
MD
LG