Accessibility links

Бакуде 4 белсендіге қоғамдық тәртіпті бұзды деген айып тағылды


Әзірбайжан прокуратурасы демалыс күндері Бакуде рұқсат етілмеген демократиялық шеру өткізген оппозиция белсенділеріне қоғамдық тәртіпті бұзды деген айып тақты.

Төрт белсендінің бәрі Әзірбайжандағы ірі оппозициялық партия мүшелері. Мусават партиясының жетекшісі Иса Гамбар бұл айыптарды «миға қонымсыз» деп атады.

Әзірбайжан Ішкі істер министрлігі сенбі күні 75 шеруші қамауға алынғанын айтты.

Демократиялық құқықтары шектеліп, сөз еркіндігі жоқ деп шағымданатын оппозициялық партиялар елде қамалған 200-дей адамның қайда екені белгісіз деген.

AzattyqTV

Террорға қарсы күрес

"ИМ" тобын тықсырды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG