Accessibility links

БҰҰ ұшағы апатқа ұшырап, 32 адам мерт болды


Конго мемлекетінің астанасы Киншаса қаласының әуежайына қонар кезде апатқа ұшыраған БҰҰ-ның ұшағында болған 33 адамның 32-і қаза болып, бір адам тірі қалғаны туралы хабарланды.

Мерт болғандардың ішінде БҰҰ-ның 20 қызметкері бар. Ұшақ елдің солтүстік-шығысындағы Кисангани қаласынан ұшып келген.

Оқиға орнынан жеткен ақпаратқа қарағанда, қатты жауын кезінде Киншаса әуежайына қонбақ болған ұшақ бөлшектеніп, жанып кеткен.
XS
SM
MD
LG