Accessibility links

Каддафи өкілі Ливия үкіметінің реформа жасауға әзір екенін мәлімдеді


Ливия басшысы Муамар Каддафи елде кең көлемді реформалар жүргізуге дайын, бірақ сырттан танылған талаптарға мойынсұнбайды деп мәлімдеді дүйсенбі күні Каддафидің ресми өкілі Мұса Ибрагим.

Халықаралық қауымдастық Каддафидің әскерінен режимге қарсы бас көтерген тұрғындарды қорғау мақсатында Ливияның әуе кеңістігіне ұшуға тыйым енгізіп, батыс елдерінің әскери ұшақтары Каддафи күштеріне әуеден соққы берген.

Батыс мемлекеттері Каддафиге биліктен кету туралы талап қойып отыр.

Елдің солтүстігінде Каддафиге бағынышты күштер мен көтерілісшілер арасында ұрыстар жүріп жатыр.

Франция мен Қатар мемлекеттерінің ізінше дүйсенбіде Италия үкіметі де Ливия оппозициясы құрған билік органы – Ұлттық өтпелі кеңеспен ресми байланыс орнататынын жариялады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG