Accessibility links

Ауғанстанда Құран өртеуге қарсы наразылық жалғасып жатыр


Бүгін Кабулда АҚШ-тың Флорида штатындағы пастордың Құранды өртеуіне байланысты наразылық шарасы өтті. Ауғанстан астанасындағы университетте жиналған жүздеген студент исламның қасиетті кітабын өртеген адамның сотқа тартылуын талап етті.

Наурыздың 20-сында Құранның өртелуіне байланысты наразылық акциясы Ауғанстанда бес күннен бері жалғасып жатыр. Таяуда бұл елдегі шерулер барысында кемінде 22 адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG