Кот-д'Ивуардың ең ірі қаласы Абиджанда елдің бұрынғы президенті Лоран Гбагбомен келіссөздер жүріп жатыр.
Гбагбо отбасы мүшелерімен өз резиденциясындағы бункерге жасырынған, резиденцияның сыртын оның саяси қарсыласы Алассан Уаттараның әскері қоршап тұр. Бұған дейін Гбагбоның БҰҰ-дан араша сұрағаны туралы ақпарат тараған еді.
Франция сыртқы істер министрі Ален Жюппе "Гбагбо биліктен бас тартатыны туралы жазбаша мәлімдеме беріп, Уаттараны Кот-д'Ивуардың сайланған президенті деп мойындауы тиіс" деп мәлімдеді. Алайда Гбагбо сейсенбіде француз телеарнасына берген сұқбатында саяси бәсекелесі Уаттараны президент деп мойындамайтынын білдірген.
Бұл елде былтыр қарашада өткен президент сайлауында Алассан Уаттараның жеңіске жеткенін әлем қауымдастығы мойындағанымен, мемлекетті соңғы он жыл басқарып келген Лоран Гбагбо дауыстарды қайта санауды талап етіп, биліктен кетуден бас тартты. Бірнеше айға созылған саяси дағдарыстан соң Уаттараның әскері шабуылға шығып, Гбагбоның күшін жеңді.