Accessibility links

Италия мен Тунис заңсыз көші-қонмен күрес туралы келісім жасады


Италия өз аумағына толассыз келіп жатқан заңсыз мигранттарға тосқауыл қою мақсатында Туниспен келісім жасағаны туралы Италия ішкі істер министрі Роберто Марони мәлімдеді. Ол Тунисте екі күндік келіссөздер өткізіп қайтты.

Келісім бойынша, Италия билігі қазір ел аумағына заңсыз келіп алған 20 мыңнан астам Тунис азаматтарына 6 айға қалуға рұқсат береді. Бірақ енді жаңадан келген заңсыз мигранттар дереу кері қайтарылады.

Италия өзінің Лампедуза аралы мен Тунистің арасын бөліп тұрған бұғазға бақылау жасау үшін Туниске техникалық жәрдем бермек.

Тунисте билікке қарсы жаппай толқулар басталған биылғы қаңтар айынан бері 20 мыңнан астам Тунис азаматы Италияға босып барған.
XS
SM
MD
LG