Accessibility links

Президент инаугурациясынан кейін үкімет отырыс өткізеді


Қайта сайланған президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 8 сәуірдегі инаугурациясынан кейін Қазақстан үкіметі отырыс өткізеді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан заңына сәйкес жаңадан сайланған президенттің инаугурациясынан кейін үкімет отставкаға кетуі тиіс. Қазіргі премьер-министр Кәрім Мәсімов қызметінде 2007 жылдан бері отыр.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сәуірдің 3-дегі кезектен тыс президент сайлауында Назарбаев 95,55 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен.
XS
SM
MD
LG