Accessibility links

Шешен бүлікшілерінің басшысы Доку Умаров тірі деп хабарланды


Шешен бүлікшілерінің басшысы Доку Умаров делінген адам өзінің тірі екенін мәлімдеді.

Осыдан бір апта бұрын Ресей бұқаралық ақпарат құралдары Солтүстік Кавказдағы шабуылдан Доку Умаров қаза тапқан болуы мүмкін деп хабарлаған еді.

"Азат Еуропа / Азаттық радиосының" Солтүстік Кавказ қызметіне телефон соққан кісі өзінің аман-есен екенін айтты.

"Операция барысында бірнеше мужахедин опат болды. Менің өлімім туралы да жарияланды. Олар менен құтылмайды. Оларға жауап қайтаруға дайындалып жатырмын", - деді ол.

"Азат Еуропа / Азаттық радиосының" тілшілері телефон шалған адамның дауысы Умаровтың даусына ұқсайды дейді бірақ бұл тәуелсіз түрде расталмады.

Ресей наурыздың 29-дағы әуе шабуылдары барысында 17 исламшыл бүлікші өлтірілді деп мәлімдеген болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG