Accessibility links

Йеменде үкіметке қарсы шерулер жалғасып жатыр


Бүгін Йеменде жұма намазынан кейін ондаған мың адам жиналып, президент Әли Абдулла Салехтің биліктен кетуін талап етті.

Сана, Таиз және тағы басқа қалалардың негізгі алаңдарына шыққан наразылық танытушылар Салехе қарсы ұрандар айтты.

Сонымен қатар Санада үкіметті қолдаушылар жеке шеру өткізіп, Салехтен билікте қала баруді өтінді.

Парсы шығанағы ынтымақтастығы кеңесінің Салехті биліктен кетіру жөніндегі ұсынысын президент бүгін қабылдамады. Аталмыш кеңес Салехті билікті вице-президент Абду Рабо Мансурға тапсыруға шақырған болатын.

Йеменде екі айға жуық уақыттан бері Салехке қарсы шерулер жалғасып жатыр. Адам құқықтарын қорғаушы топтардың айтуынша, қауіпсіздік күштерімен арада болған қақтығыстарда 100-ден астам адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG