Accessibility links

Египет армиясы алаңды тазалау үшін күш қолдануға дайын екенін айтты


Египеттің билеуші генералдары Каирдің орталық алаңындағы наразылықты тоқтату үшін күш қолдануға дайын отырғандарын айтты. Бұл ескерту мыңдаған шеруші Тахрир алаңына жиналып, баррикада жасап алған соң жасалып отыр.

Шерушілер Египет билігінен әскери кеңесті алып тастауды талап етуде. Олар тағы сенбі күні наразылық шарасын жасаушылардың лагерін сарбаздар басып тастап, бір адам қаза тапқан оқиғаға ашулы болып отыр. Бұл қақтығыста тағы 70 шақты адам жараланған.

АҚШ Тахрир алаңындағы оқиғаларға алаңдаулы екенін айтқан.
XS
SM
MD
LG