Accessibility links

Жапонияда табиғи апат құрбандарын еске алып жатыр


Бүгін Жапонияда осыдан тура бір ай бұрын болған жойқын цунами мен зілзала құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алады.

Соңғы мәліметтер бойынша, наурыздың 11-і күнгі табиғи апат салдарынан кемінде он үш мың адам опат болған, ондаған мың адам баспанасыз қалды..

Зілзала салдарынан қатты бүлінген "Фукусима" атом электр станциясында қоршаған ортаға радиацияның тарауын тоқтату үшін жөндеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Зілзала мен цунами 300 миллиард доллар көлемінде шығынға ұшыратқан.
XS
SM
MD
LG